Ауыл шаруашылығына арналған бұйымдар
Қазақстандық эластомерлік тығыздау зауыты ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына резеңкелі-техникалық өнімдерді жеткізуші болып табылады.
Біз қолданыстағы сұрыпталымымыздағы шешімдерді де, сызбалар немесе өнім үлгілері бойынша жаңа РТБ дайындауды да ұсынамыз.


Қауырсын жинайтын машиналарға арналған ұрғы саусақтар
Кәдімгі саусаққа ұқсайтын резеңкелі бұйым. Ол қауырсын жинайтын машинаның айналмалы атанағына орнатылады, онда айналу және құстың терісімен жанасу кезінде пайда болған үйкелістің арқасында қауырсынды жұлып алады. Тауықтарды/үйректерді/қаздарды/күркетауықтарды жұлуға жарамды.

ТАПСЫРЫС БЕРУ
Сауу аппаратарына арналған емізік резеңке
Тікелей жануардың емшектеріне бекітілетін және сауу үшін қажетті вакуумды қамтамасыз ететін сауу аппаратына арналған кұрамдас бөліктер. Дұрыс таңдалған жабдық сауу жылдамдығына ғана емес, сонымен қатар желінді бактериялардан қорғай отырып, жануардың денсаулығына кепілдік береді. Сүтпен, сумен, тазартқыш құралдармен өзара әрекеттеспейтін қауіпсіз материалдардан жасалады.

ТАПСЫРЫС БЕРУ
Резеңкелі түтікшелер
Олар арнайы жоғары сапалы материалдардан жасалады, резеңкелі түтікшелерді тағамдық өнеркәсіпте, әртүрлі мұнай өнімдері үшін көліктік арна ретінде және жемір химиялық құрамы бар сұйықтықтар ретінде пайдалануға болады. Біздің сұрыпталымымызда вакуумдық түтікшелер де, суаратын түтікшелер де бар.
ТАПСЫРЫС БЕРУ
Силиконды түтікшелер
Біз диаметрі 3 мм-ден 30 мм-ге дейінгі ауқымда силиконды түтікшелерді шығарамыз. Қаттылығы
30-дан 70 ШорА бірлігіне дейін. Жұмыс температурасы -60-тан +315С-қа дейін.
Түсі: мөлдір, күңгірт, сүр, жасыл, көк, ал қоңыр, қызыл.
Сонымен қатар сатылымда ТКР ТШ 22.19.30-014-76503135-2020 электр оқшаулағыш түтікшелері бар.
ТАПСЫРЫС БЕРУ
Сүттүтіктерге арналған резеңкелі құрамдас бөлшектер
Тағамдық өнеркәсіпке арналған силиконды қалыптар металдық және керамикалық қалыптарға қарағанда: тотықпайды, қолдануға ыңғайлы,оңай жуып-шайылады және гигиеналық өңдеуден өтеді.
ТАПСЫРЫС БЕРУ
Дүңгірлерге арналған сақиналар
Тағамдық резеңкелі қоспадан жасалады. Алюминий дүңгірлеріндегі тығыздау сақиналарды ауыстыруға арналған. Тағамдық, сүтті өнеркәсіпте және бал сақтау дүңгірлерінде қолданылады.


ТАПСЫРЫС БЕРУ
Силиконды қалыптар
Тағамдық өнеркәсіпке арналған силиконды қалыптар металдық және керамикалық қалыптарға қарағанда: тотықпайды, қолдануға ыңғайлы, оңай жуып-шайылады және гигиеналық өңдеуден өтеді.

ТАПСЫРЫС БЕРУ
Барлық сұрақтар бойынша бізбен байланысыңыз:
E-mail: info@seqam.kz