Техникалық тілімдер әдетте әртүрлі жемір ортаға төзімділігі қажет май мен бензинге төзімді тығыздаулар мен аралық қабаттардың әртүрлі түрлерін жасау үшін қолданылады: қышқылдар, сілтілер, майлар, отын сұйықтықтары, еріткіштер. Олар фторлы резеңкелі қоспаларға негізделген тілімдерді алмастыра алады. Фторвинил-метилсилоксан негізіндегі эластомерлік материалдардан жасалады. Тілімдер күштік май трансформаторларын өндіру және жөндеу кезінде, машина құрастыруда, автокөлік құрастыруда кеңінен қолданылады. Силиконды тілімдердің артықшылықтары: • температураның жұмыс ауқымы: - 60С-тан +250С-қа дейін; • материалды қысудың төмен қалдық деформациясы тығыздалған құралымдардың тұмшалылығын қамтамасыз етеді, ұзақ қызмет ету мерзімін сақтайды (30 жылға дейін); • тотығуға және жемір ортаға төзімділік; • құрамында трансформатор майының ортасына түссе, күштік трансформаторларының жұмысына теріс әсер ететін күкірттің болмауы; • жоғары электр кедергісі. Сипаттамалары: Ұзындығы x ені: 250х250, 300х300, 400х400, 500х500, 600х600, 700х700, 700х1500 мм. Қалыңдығы: 1-ден 50 мм-ге дейін. Түсі: мөлдір, күңгірт, сұр, жасыл, көк, ал қоңыр, қызыл.